Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » “Еуразиялық кеңістікте жоқ құрылым”: Теріскейлік археологтар тарихтың тереңінде жатқан орынды тапты

“Еуразиялық кеңістікте жоқ құрылым”: Теріскейлік археологтар тарихтың тереңінде жатқан орынды тапты

Қозыбаев университетіне қарасты археологиялық экспедициясының Солтүстік Қазақстан облысы Долматово ауылы маңындағы 20-шы далалық маусымы аяқталуда.  1968 жылы археолог Анатолий Плешаков ашқан Ақ Ирий қалашығындағы далалық лагерьде 50-ге жуық студент ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып жатыр. Қазба жұмыстары 36 жылдан кейін жүргізіле бастады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Бұл – ел аумағындағы сақ кезеңінің Солтүстік қалашығы, ол өзіндік бекініс ретінде қызмет атқарды. Қалашық биік әрі үшбұрышты мүйістің үстінде орналасқан, екі жағынан өзеннің жартастарымен қоршалған және аралықтармен бөлінген, осылайша алынбайтын бекіністі бейнелейді.
Бастапқыда ғалымдар қазба жұмыстарын қалашықтың өзінде жүргізді. Тұрмыстық заттар, жануарлардың сүйектері және т.б. табылды. Қазір археологтар одан алыс орналасқан құрылымдарды зерттеп жатыр.

«Бірінші құрылымның көлемі мен күмбезді қабырғалары өте анық көрінеді. Кірпіштерге қарағанда бұл – Орта ғасыр. Құрылымның түбіне жету үшін 3 жыл қатарынан қазып жатырмыз. Қазірдің өзінде металл өндірісін айқындайтын қож және нысанның қабырғаларында пайда болған смальтадан ұзақ жандыру процесінің болғанын байқаймыз. Сондай-ақ, жақын жерден табылған сиыр мен жылқының қалдықтары – етті ыстау процесі болғанын көрсетеді. Нысанды металл балқыту және ет ыстау мақсатында пайдаланған сияқты. Өз басым Еуразиялық кеңістіктегі мұндай құрылымдарды білмеймін. Бұл – ескерткіштің жаңа түрі. Алда талай жұмыс жүргізетін боламыз», – деп бөлісті Қозыбаев университетінің профессоры Анатолий Плешаков.

Ғылыми зерттеулер Ә. Марғұлан атындағы Археология институты СҚФ және Солтүстік Қазақстан облыстық өлкетану мұражайымен бірлесіп жүргізілуде.
Студенттердің далалық лагерьдегі тәжірибелері 3 аптаға созылады. Бұл – олар үшін ежелгі артефактілермен жұмыс істеудің ерекше тәжірибесі. Мұнда білім алушылардың зерттеу дағдылары қалыптасады. Болашақ тарихшылардан басқа, практиканы астрофизиктер де өтеді. Олар жұлдызды аспанды зерттейді, бақылау және деректерді жинау процесін жүргізуді үйренеді.

Shares