Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның мектеп оқушылары «Алтын сақа» олимпиадасына қатысты
Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда 3-4 және 5-6 сыныптардағы математика пәнінен қабілетті, ынталы оқушыларды біріктіретін «Алтын сақа» республикалық математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті, деп хабарлайды QZ News. тілші.
Биыл зияткерлік сайысқа 141 мектеп оқушысы қатысты. Балалар стандартты емес есептерді, логикалық жұмбақтарды және математикалық теңдеулерді шешуде өз білімдері мен дағдыларын көрсетті.
Олимпиада дарынды оқушыларды анықтауға және олардың нақты ғылымдарға деген қызығушылығын арттыруға тамаша мүмкіндік болды. Оның қорытындысы бойынша жеңімпаздар мақтау қағаздары мен дипломдармен марапатталып, олардың арасынан үздік шыққандар облыстық кезеңде аудан намысын қорғайды.