Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Ғ. Мүсірепов ауданындағы өзендерде жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде 160 келі жарылғыш зат пайдаланылды

Ғ. Мүсірепов ауданындағы өзендерде жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде 160 келі жарылғыш зат пайдаланылды

Ғ. Мүсірепов ауданына СҚО ТЖД жиынтық жасағының күштерін жіберді. Құрам су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге көмек көрсетеді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі. Сондай-ақ, шағын өзендерде жарылыс жұмыстары жүргізілді.

Топ құрамында “Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі” ММ және өтімділігі жоғары арнайы автокөлікпен және моторлы қайықпен жарақтандырылған СҚО ТЖД “Жедел-құтқару жасағы” РММ бөлімшелерінің құтқарушылары мен өрт сөндіруші-құтқарушылары бар.

“Топтастырудың мақсаты – адамдарды құтқару және эвакуациялау, шағын өзендерде мұз кесу, су тасқыны жағдайының мониторингі, табиғи құбылыс кезеңінде жағдай нашарласа, халыққа өзге де көмек көрсету. Топ 2 бірлік техникамен және қайықпен, заманауи байланыс құралдарымен жарақталған, оның құрамында 13 маман бар”, – деп хабарлады СҚО ТЖД халықпен байланыс жөніндегі тобы.

Жеке құрам ауданның Рузаевка және Чистополье ауылдары маңында су айдындарын тексеруге және бөлімшелердің жауапкершілік аймақтарының бөлінген учаскелерінде жұмысты жоспарлауға кіріседі.

Сондай-ақ, ауданда мұз кептелістерінің алдын алу мақсатында: Шарық өзені бойындағы Раисовка ауылы, Ақанбұрлық өзені арқылы өтетін Григорьевский көпірі ауданында, Ақанбұрлық пен Есіл өзендерінің түйіскен жерінде, Ақанбұрлық өзені бойындағы Чистополье ауылының жанында жарылыс жұмыстары жүргізілді. Мұзды ұсақтаудың жалпы ауданы 1200 шаршы метрді құрады. 160 кг жарылғыш зат қолданылды.

Shares