Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Ғауез Нұрмұхамбетов Ғабит Мүсірепов ауданының тұрғындарымен кездесті

Ғауез Нұрмұхамбетов Ғабит Мүсірепов ауданының тұрғындарымен кездесті

Аймақ басшысы жұмыс сапарымен Ғабит Мүсірепов ауданында болды. Облыс әкімі Сокологоровка ауылының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды, QZ Media тілшісі.

Бұл ауылдың тұрғындары жер мәселесі бойынша Ғауез Нұрмұхамбетовтың  қабылдауында болған еді. Бүгінгі кездесуде ауылдың одан әрі дамуы және инвестордың жұмысы әңгіме арқауына айналды.

Тахтоброд ауылында фельдшерлік-акушерлік пункттың құрылысы аяқталуға жақын.

Бұдан кейін СҚО әкімі Ковыльное ауылына барып, өңірдегі белгілі диқан Серік Малаев бастаған шаруашылықтың жұмысымен және елді-мекеннің тыныс-тіршілігімен танысты.

Аймақ басшысына орталық қазандықтың жұмысы, астық сақтау қоймасы, жаңғыртылған диспетчерлік орталық және мал азығы дайындалатын шағын зауыт көрсетілді.

 

Shares