Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Ғауез Нұрмұхамбетов көктемгі тасқынға дайындықты пысықтау үшін төрт ауданның қатысуымен кеңес өткізді

Ғауез Нұрмұхамбетов көктемгі тасқынға дайындықты пысықтау үшін төрт ауданның қатысуымен кеңес өткізді

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Ғабит Мүсірепов ауданында су тасқынына қарсы іс-шаралардың орындалуын тексерді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Аймақ басшысы Рузаевкадағы жағдай туралы есепті тыңдап, Жембарақ және Шарық өзендерін бақылап, су өткізгіш құбырларды тазалау барысын да қарады. Бірлік ауылына Есіл өзені арқылы өтетін көпір құрылысының жобасымен  танысып, арнайы техниканың дайындығын да бақылады.

Сондай-ақ Ғауез Нұрмұхамбетов Ғ.Мүсірепов, Шал ақын, Тимирязев және Айыртау аудандарының әкімдері мен тиісті ведомство басшыларының қатысуымен су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша  кеңес өткізді.

“Бұл мәселе өте күрделі, барлық жауапты мемлекеттік органдарға күшейтілген жұмыс режиміне көшуді және негізгі іс-шаралар жоспарының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырдым. Әсіресе, барлық су өткізгіштерді тазарту, қар шығару және инертті материалдарды дайындау жұмыстарын күшейту қажет”, – деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Сонымен қатар, сапар барысында СҚО әкімі әлеуметтік нысандарды аралап, «Будённое СК» серіктестігінің сүт фермасының құрылыс барысымен танысты. Өңірдегі үлгілі шаруашылықтарды да аралады. Рузаевкада «Тұқым» серіктестігі ауыл тұрғындарына жағдай жасап, наубайхана, күрес және спорт залдарын ашып, дәмхананы жөндеуден өткізді. Нежинка ауылында әкесі Мұрат Жұмабековтің ісін қызы Дина Батықова жалғастыруда. «Нежинка ерке» серіктестігінде балабақша мен мәдениет үйі жұмыс істейді, сүт фермасының құрылысы басталды.

Shares