Ғауез Нұрмұхамбетов Солтүстік Қазақстан облысындағы 7 ауылдың таратылуына байланысты пікір білдірді
Елордада өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов 7 ауылдың таратылуына қатысты пікір білдірді. Өңір басшысы бұл шешімнің қалай қабылданғанын айтып, өңірдегі адам аз шоғырланған ауылдардың тұрғындарымен қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанына тоқталды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
«СҚО-да 141 елді мекенде 50-ге жуық адам тұрады. 38 ауылдың 10-ға жуық ғана тұрғыны бар. 7 елді мекенде мүлдем адам жоқ. Сондықтан мәслихат сессиясында 7 ауылды тарату туралы шешім қабылдадық. Шағын ауылдарда тұрғындардың тірек ауылдарға көшуіне жағдай жасау бағытында жұмыс істеп жатырмыз», – деді Ғауез Нұрмұхамбетов.