Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Көктемде зардап шеккен солтүстікқазақстандық кәсіпкерлерден өтемақы алуға 107 өтінім жолданған

Көктемде зардап шеккен солтүстікқазақстандық кәсіпкерлерден өтемақы алуға 107 өтінім жолданған

Су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерге 10,1 млрд теңге төленді. Бұл ҚР Ұлттық экономика министрлігінің дерегі. Кәсіпкерлердің мүліктік шығындарын өтеу үшін Үкімет резервінен 12,1 млрд теңге сомасында қаражат бөлінді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

«2024 жылдың 1 қазанына ШОК субъектілерінен 15 млрд теңге сомасына 764 өтінім келіп түскен. Шамамен 12 млрд теңге сомаға 630 өтінім бойынша оң шешім қабылданды, оның ішінде 10,1 млрд теңгеден астам сомаға 615 өтінім (өтінімдердің жалпы санының 80,4%-ы) бойынша төлемдер толық көлемде жүргізілді.
30 өтінім бойынша өтемақы төлеуден бас тарту туралы шешім қабылданды. Қалған зардап шеккен объектілер бойынша бағалау және сметалық жұмыстар жалғасуда, олар аяқталғаннан кейін өтінімдер Өңірлік комиссиялардың қарауына шығарылатын болады»,- делінген ҚР Ұлттық экономика министрлігінің хабарламасында.

Өтінімдердің басым бөлігі Атырау (423 өтінім) және Солтүстік Қазақстан (107 өтінім) облыстарынан келіп түсті. Батыс Қазақстан облысынан 87 өтінім, Қостанай облысынан 68 өтінім, Ақтөбе облысынан 51 өтінім, сондай-ақ Ақмола облысынан 28 өтінім келіп түскен.

Еске сала кетейік, Қағидаларға сәйкес жоғалған мүліктің (ғимараттардың, құрылыстардың, жабдықтардың) құны, тауарлық-материалдық құндылықтардың құны, зақымдалған ғимараттар мен құрылыстарды қалпына келтіру жұмыстарының құны өтелуге жатады.

Shares