М.Жұмабаев ауданында соттылығы бар азаматтарға психологиялық және консультативтік көмек көрсетілді
Мағжан Жұмабаев ауданында «АМАНАТ» партиясы филиалы ғимаратында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар мен пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға арналған іс-шара өтті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Ақпараттық кездесуді «ДЕМЕУ» үйлестіру орталығының директоры Жұлдыз Саттарова мен психолог Любовь Трошина өткізді. Олар дағдарыстық жағдайлардан шығу жолдары туралы әңгімелеп, тренинг ұйымдастырды.
Сондай-ақ, аталған санаттағы адамдарға қойылған сұрақтарға жауап алу арқылы психологиялық және кеңес түрінде көмек көрсетілді.