Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Мамлют ауданында ауылдық мәдениет үйі жөнделеді

Мамлют ауданында ауылдық мәдениет үйі жөнделеді

Мамлют ауданындағы Воскресеновка ауылында орналасқан мәдениет үйі екі жыл жөнделеді. Нысандағы барлық жұмыстар 2025 жылдың соңында аяқталуы керек, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

МҮ жергілікті “Заңғар-LTD” ЖШС жөндейді, авторлық қадағалауды – “АПБ Генпроект” ЖШС, ал техникалық қадағалауды “Qazaqstan Expert” ЖШС жүзеге асырады.

Қазір Воскресеновка ауылындағы мәдениет үйін 17 жұмысшы жөндеуде. Мамлют ауданы әкімдігінің мәліметінше, олар ғимарат ішінде бұзу, электрмен қамту жұмыстарын жүргізді, еден құйды, қабырғаларды тегістеді, терезелер мен жылыту жүйесін ауыстырды, кафель төседі, қабырғаларды сырлады. Қоса кетейік, биыл “Заңғар-LTD” ЖШС ауылдық МҮ жөндеуге 100 млн теңге бөлді.

Shares