Мамлют ауданында ауылдық округ әкімдігінің ғимараты өрттенді
Мамлют ауданында Воскресеновка ауылдық округі әкімдігінің ғимараты өртенді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
СҚО ТЖД хабарлағандай, өрт туралы хабарламаны Мамлютка қаласының №15 өрт сөндіру бөлімі 23:41-де алған. Өрт 1955 жылы салынған ауыл әкімдігінің от жағатын бөлмесінде бас көтерген.
“Шақыру орнына келген кезде ғимарат ашық отпен жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндірушілер өртті сөндіруге дерек кірісті. Қосымша күштер мен өрт сөндіру қызметінің жеке құрамы тартылды. Өрт салдарынан 80 шаршы метрді құраған әкімдік ғимараты толығымен жойылды”,- деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Өрттің алдын-ала себебі – жылыту пешін орнату кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін елемеу. Қоса кетейік, оттан қаза тапқандар мен зардап шеккендер анықталмады.