Мамлют ауданында жаңа аудан прокуроры тағайындалды
Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2025 жылғы 4 ақпандағы бұйрығымен Нұрманбеков Самат Сапарбекұлы Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют аудандық прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды QZ News.
Самат Нұрманбеков еңбек жолын 2003 жылы Ақмола облысы Сандықтау ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған.
Әр жылдары Ақмола облысы прокуратурасының мемлекеттік органдардың заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, аға прокуроры, Шортанды ауданы прокурорының орынбасары, Егіндікөл және Есіл аудандарының прокуроры қызметтерін атқарды.
2021 жылғы ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақмола облысы Биржан сал аудандық прокуроры қызметін атқарды. Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 22 жылдан астам. Отбасылы, екі баланы тәрбиелеп отыр.