«Нысандар уақытында және сапалы салынуы керек»: Мамлют ауданының әкімі 4 ауылда ФАП-тың құрылысын жүргізіп жатқан мердігермен кездесті
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында Мамлют ауданындағы Покровка мен Новомихайловка ауылдарыда фельдшерлік-акушерлік пункттер салынуда, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Нысандардағы жұмысқа «Севимстальком» ЖШС жауапты. Мамлют ауданының әкімі Елена Степаненко фельдшерлік-акушерлік пункттер құрылысының барысын тексерді. Ол мердігерге жұмысты уақытында аяқтау үшін жұмысшылар санын көбейтуді ұсынды. Сонымен қатар, мердігерге нысандардың уақытылы әрі сапалы салынуы керектігін ескертті.
Сондай-ақ, Мамлют ауданында Бостандық пен Бексейіт ауылында медициналық пункттер салынуда. 4 ауылдағы медициналық мекемелердің құрылысына барлығы 680 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалады.