Облыста диқандар ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартуға ат салысуда
СҚО-да өңір басшысының тапсырмасымен аудан әкімдіктері ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен 10 млрд теңгенің 600-ден астам меморандумына қол қойды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Шаруашылық басшылары ауылдарда тәртіпті сақтауға көмектеседі. Олар жолдар мен әлеуметтік нысандарды жөндеуге қатысады, мектептер мен балабақшаларға жәрдемдеседі, қыс мезгілінде елді мекендердің көшелерін тазалауға шығады, басқа да жұмыстар жүргізеді.
Мысалы, «Астраханское» ЖШС Астраханка ауылында жаттығу және волейбол алаңын орнатты, «Исағали» ЖШС басшысы Құспек ауылында дәрігерлік амбулатория ғимаратын қайта жөндеуден өткізді, «Агро Комплекс Сулушок» ЖШС Сұлушоқ ауылында демалыс орталығының құрылысын аяқтады.