Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Облыстан 16 оқушы Республикалық лингвистикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысып жатыр

Облыстан 16 оқушы Республикалық лингвистикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысып жатыр

Петропавлда Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиясы базасында 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық лингвистикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне іріктеу өтіп жатыр, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Олимпиаданы «Қызылжар дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығының мамандары өткізіп отыр.

«Ол әрбір жалпы білім беретін пән бойынша төрт кезеңде жүзеге асырылады: біріншісі – мектеп, екіншісі – аудан/қалалық, үшіншісі – облыстық, төртіншісі – республикалықкезең. Бүгін балалар математика, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен тапсырмалар орындайды. Тек облыс пен қаладағы инновациялық мектептерден 16 оқушы қатысуда. Аққайың, М.Жұмабаев, Шал ақын, Есіл, Мамлют, Айыртау аудандарынан да оқушылар  келді. Жеңімпаздар 2025 жылдың ақпан айында өтетін республикалық деңгейде облыс намысын қорғайтын болады», – дейді «Қызылжар дарыны» әдіскері Сабина Нұрпейісова.

Еске салайық, 2023 жылы Бірінші гимназия оқушысы Егор Глухих лингвистикалық олимпиаданың республикалық кезеңінің жеңімпазы атанып, Бразилияда өткен қолданбалы тіл білімі бойынша халықаралық олимпиадаға Қазақстан атынан қатысып, жоғары нәтиже көрсеткен болатын.

Shares