Олимпиада чемпионы Александр Винокуров солтүстікқазақстандықтарға үндеу жолдады
2012 жылғы топтық веложарыс бойынша Олимпиада чемпионы, 2006 жылғы «Vuelta a España» көпкүндігінің жеңімпазы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Александр Винокуров жерлестеріне маңызды ескертумен үндеу жолдады: жол жүру ережелерін сақтаңыздар, деп хабарлайды QZ News.
Көктем келген сайын жолдардағы қозғалыс та жандана түседі — көшеге шығатын адамдар саны артып, көлік ағыны көбейеді. Мұндай кезеңде барынша мұқият болып, бір-бірімізге жол беріп, ережені сақтап, қауіпке жол бермеу өте маңызды.
19 сәуірден бастап елімізде республикалық «Қауіпсіз жол» акциясы өтуде. Полицейлер бақылауды күшейтті, бірақ нағыз қауіпсіздік — жол қозғалысына қатысушылардың өздеріне байланысты.
Жол ережесін сақтау -бұл жолдағы қауіпсіздіктің белгісі. Қоғам үшін адамның денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі-ең басты байлық.