Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петерфельд ауылы маңында жко болып, адам өлімі тіркелді

Петерфельд ауылы маңында жко болып, адам өлімі тіркелді

17 қыркүйек күні, сағат 23-10 шамасында СҚО Қызылжар ауданы Петерфельд ауылының маңындағы “Челябі – Новосібір” автожолының 520 шақырымында “Lexus” және “ЗИЛ 131” автокөліктерінің соқтығысуы орын алды. Полиция департаменті хабарлағандай, жол-көлік оқиғасы салдарынан 27 жастағы “Lexus” автокөлігінің жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды.

“Lexus” автокөлігінің салонында болған 56 жастағы ер адам медициналық мекемеге жатқызылды.

“ЗИЛ 131″ автокөлігінің 43 жастағы жүргізушісінен медициналық куәландыру жүргізу үшін қан алынды, алдын ала болжам бойынша – мас емес. Көлік құралдары арнайы автотұраққа орналастырылды.

Аталған факт ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді”,- деп жазылған СҚО ПД хабарламасында.

Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады.

Shares