Петропавл қалалық жағажайында марафон форматындағы эко-акция өтті
Еріктілер колледж студенттерімен бірге командаларға бөлініп, 40 минут ішінде жағалауды, сондай-ақ іргелес орман ішінде демалушылар қалдырған қоқыстарды жинады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Белсенділер бір сағаттан аз уақытта 2 тоннадан астам қоқыс жинады. Ерекше заттар да табылды. Су тасқыны кезінде ағынды су қалалық жағажайға екі көше дәретханасын әкелген.
Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіптік-педагогикалық колледжінің командасы эко-акцияның жеңімпазы болып шықты. Оқу орнының студенттері 822 кг қоқыс жинады. Оларға сыйлық ретінде музыкалық қондырғы табысталды.