Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавл тұрғындары қандай күнтізбелер жинаған

Петропавл тұрғындары қандай күнтізбелер жинаған

Хоббидің сан түрі бар. Бірақ, ішіндегі ең кең таралғаны – коллекция жинау. Бұл бір күннен немесе бір жылдан тұратын іс емес. Бұл – ондаған жыл төгілген тер, табандылық пен ұқыптылық. Осыны ұғыну қажет.

Адам баласы шама-шарқынша коллекция жинайды. Яғни, ауқаттылар атақты суретшілердің картиналарына, қымбат қобдишаларға, пошта маркаларына, елдердің ақшаларына құмар. Ал қарапайым адам ше? Мұнда қиялда ерік жоқ. Дегенмен, танымалдарға тоқталайық. Олар: қалта күнтізбелері, маркалар, монеталар, сереңке қорабындағы немесе бөтелкедегі жапсырма және т.б. Қалтаға аса салмақ салмайтын мұндай хоббиды кез-келген жастағы адам жанына серік ете алады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі. ⠀

Қалта күнтізбелерін жинау. Мұндай хобби филотаймия деп аталады. Қазір әркімнің ұялы телефонында күнтізбе бар. Осыған байланысты айлар мен сандардан тұратын қағазға қажеттілік жоғалып кетті. Сонымен бірге коллекцияның бұл түрі де жойылды. ⠀

Бұрынғы күнтізбелердің пайдасы мол еді. Олардың басым бөлігі арқылы әртүрлі онжылдықтағы өмірмен және тарихпен танысу мүмкін болды.  Мысалы, петропавлдық тұрғынның коллекциясындағы күнтізбенің бірі әскер тақырыбына арналған. Ондағы бөлімдерде ескерткіштер, кеңес дәуіріндегі әскери техника бейнеленген.

Ал бұл коллекция ішіндегі коллекция. Күнтізбелерде пошта маркалары бейнеленген. Айтпақшы, кезінде соңғылары үлкен танымалдылыққа ие болды. Бұған оларды кейбір саяси қайраткерлердің жинауы себеп. ⠀

Күнтізбелер арнайы шығарылым бойынша шықты. Әртүрлі суреттерден тұрды. Солардың барлығын жинау ерекше сезім әкелді. Мысалы, мемлекеттік сақтандыру күнтізбелерінің желісі. Олар бір кездері тегін таратылды. Ал қазір толық коллекция ретінде ақшаға сатылады. Бағасы әртүрлі. Монеталар да солай. Егер шақа аз тиражбен шықса, соғұрлым қымбат болады. Айтпақшы, мемлекеттік сақтандыру күнтізбелері жарнамалық болды. Олар көпшілікке жазатайым оқиғалардан сақтану жолдарын насихаттады.⠀

Балалар мультфильм кейіпкерлері бейнеленген күнтізбелерді жақсы көрді. Әсіресе, оларды голографиялық суреті бар күнтізбелер ерекше таң қалдырды. Олар бұрыштағы кескінді өзгертті.⠀

Флора мен фауна, сондай-ақ профилактикалық тақырыптарда көптеген күнтізбелер шығарылды. Оларда “Орманды өрттен сақта”, “Табиғатты сақта” деген жазулар жазылды. ⠀

Күнтізбелер маркалар сияқты арнайы альбомдарда сақталды. Олардың әрқайсысына қалта тігілді. Бұл ең осал жер – бұрыштардың бүлінбеуіне әкелді. 90-шы жылдары күнтізбелерді жинау біртіндеп сәннен қала бастады. Тираждарда тақырыптық құлдырау болды, бұрынғы әртүрлілігін жоғалты. Осы кезеңде жыл белгілері, эстрада жұлдыздары бар күнтізбелер танымалдылыққа ие болды.

Жарнамалық күнтізбелер бұрын-соңды болмаған гүлдену жолына түсті. Сол күндері әрбір ірі компания таңбасы мен ұраны бар басылымды шығаруды өзінің міндеті деп санады. Ал 2000-шы жылдарға қарай солтүстікқазақстандықтар тапсырыс беріп, күнтізбелерді фотосуреттермен жасатты. Мұндай дүние үйде пайдаға жаратылды немесе сыйлық ретінде жақын адамдарға тарту етілді.

Shares