Петропавлда болашақ аспазшыларға, кондитерлерге және наубайханашыларға арналған шара өтті
Петропавлда Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері үшін қаладағы мейрамхана кешендерінің бірінде экскурсия ұйымдастырылды. Қызықты шараның бастаушысы – облыстың Рестораторлары мен Отельерлері қауымдастығы, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
«Технология және азық-түлік өндірісін ұйымдастыру» бағытындағы студенттер «Еуропа» мейрамханасында болды, онда су-шеф Степан Дубовик ас үйге экскурсия жасады. Ол өндірістік процестер, қызметкерлердің міндеттері және түрлі цехтардың жұмыс істеуі туралы айтып берді. Сонымен қатар, тағамдарды мейрамхананың екінші қабатына жеткізу үшін пайдаланылатын лифт жұмысы көрсетілді.
Өз кезегінде колледж студенттері ет цехы жұмысының ерекшеліктеріне, қолданылатын жабдықтарға, ас үйдегі тәртіп пен қауіпсіздік техникасына қойылатын талаптарға және жалақы деңгейіне қызығушылық танытты.
“Басты залды, “Еуропа” мейрамханасының лаунж-барын және VIP-бөлмелерді көрсеттік. Мекеме жұмысының ерекшелігі туралы айтып бердік. Студенттер бармендер мен даяшылардың еңбек жағдайына қызығушылық танытты. Мұндай экскурсиялар болашақ мамандарға мейрамхананы ішінен көруге көмектеседі. Өйткені, асхана – мейрамхананың жүрегі, ал болашақ аспазшылар – сонда жұмыс істейтін мамандар”, – деп атап өтті. Қауымдастықтың атқарушы директоры Андрей Фролов.
Қоса кетейік, қаламызда студенттер үшін мұндай экскурсиялар жиі ұйымдастырылып тұрмақ.