Петропавлда экологиялық қаптама өндірісі ашылды
Тың бастама! Петропавлда экологиялық қаптама өндірісі ашылды. Бұл іспен өз қызметін 2021 жылы бастаған «Эко-Тара» компаниясы айналысады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Компания басшысы Павелкин Юрий Владимирович экологиялық қаптама өндірісін ашу үшін жер учаскесі бар өндірістік аумақты сатып алды.
«Эко-Тара» ЖШС азық-түлік, көкөніс және басқа да тауарларды сақтау және тасымалдау үшін сұранысқа ие әртүрлі мөлшердегі өздігінен жиналатын картон қораптар мен төрт клапан жәшіктерін шығаруға бағытталған. Солтүстік Қазақстан облысындағы жалғыз компания бес қабатты гофр картон шығарады — бұл ауыр және ірі тауарларға арналған қаптаманы дайындауға арналған өте берік су өткізбейтін материал»,- делінген кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының хабарламасында
Айта кетейік, шығарылатын өнімдердің ассортименті: логотипті үш түсте қолдануға болатын картон қораптар, екі қабатты гофр картон, әртүрлі өлшемдегі үш қабатты гофр картон, әртүрлі өлшемдегі бес қабатты гофр картон.
2023 жылы компания өндірілген тауарды сақтап одан әрі сату үшін қойма құрылысына мемлекеттік қолдау алу үшін Қорға жүгінді. Осылайша, жүгінуші «Қазақстан Халық Банкі» АҚ «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредит алды, сыйақы мөлшерлемесі жылдық 21,5% құрады, оның ішінде кәсіпкер 8% төлейді, ал айырмашылықты 13,5% «Даму» Қоры субсидиялайды.