Петропавлда газ баллоны жарылды: құтқарушылар қолы мен аяғы күйіп қалған үй иесін тапты
Құтқарушылар 1-ші Дзержинский өткелі бойында орналасқан 16-шы жеке тұрғын үйде бас көтерген өртті сөндіру кезінде үй иесін тапты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
СҚО ТЖД хабарлауынша, табылған ер адамның қолы мен аяғы күйіп қалған. Естеріңізге сала кетейік, тілсіз жау 11-33-те тұтанды. Өрт сөндіру қызметінің өкілдері келген кезде үй толығымен жанып жатқан. Өкінішке қарай, мамандар келгенше газ баллоны жарылған.
Оқиға орнында жеке құрамның 22 қызметкері және өрт сөндіру қызметінің 5 техникасы жұмыс істеуде.