Петропавлда көмір 4 теміржол тұйығында сатылады
Петропавлға көмірдің кезекті партиясы келе жатыр. Бұл туралы жергілікті билік 29 қазан күні Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарлады. Майкүбі – 980 тонна, Шұбаркөл – 1330 тонна, Қаражыра 1540 тонна көлемінде әкелінеді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Облыс орталығы әкімдігінің мәліметінше, Майкүбі көмірінің бағасы – 15500 теңге, ал Шұбаркөл және Қаражыра көмірінің бағасы – 19400 теңге.
СҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, облыста халыққа, бюджеттік мекемелерге, орталық қазандықтарға қажетті көмір көлемі 612 мың тоннаны құрайды. Өңірде көмір сатылатын 36 пункт бар, оның 4-еуі Петропавл қаласында орналасқан.