Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавлда өткен VII халықаралық конференцияда әскери білім беруді жетілдіру талқыланды

Петропавлда өткен VII халықаралық конференцияда әскери білім беруді жетілдіру талқыланды

Петропавл қаласында Ұлттық ұлан академиясының ұйымдастыруымен VII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оның басты тақырыбы – Қазақстанның әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету контекстінде әскери білім беруді дамыту, деп хабарлайды QZ News.

Конференция барысында сарапшылар әскери білімді жетілдіру, құқықтық мәдениетті дамыту, офицерлердің стратегиялық ойлауын қалыптастыру және қазіргі қауіпсіздік қатерлеріне бейімделу мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың маңыздылығы атап өтілді.

Іс-шараға Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Бауыржан Әбжанов, ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты Ұлттық қорғаныс университетінің Әскери-ғылыми орталық институтының бастығы, генерал-майор Жұмабек Ахметов, Ұлттық ұлан факультетінің бастығы, полковник Савердин Имиров, сондай-ақ әскери оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, ғалымдар, күштік құрылымдардың өкілдері, докторанттар, аспиранттар және магистранттар қатысты.

«Ресей, Түркия және Өзбекстан сарапшылары конференцияға бейнебайланыс арқылы қосылып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Бұл конференция әскери білім беру жүйесін жаңғырту және офицерлерді даярлаудың жаңа стандарттарын енгізу жолындағы маңызды қадам болды», – деп атап өтті Ұлттық ұлан академиясының баспасөз қызметі.

Shares