Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавлда жеке кәсіпкерден 2850 қорап заңсыз темекі тәркіленді

Петропавлда жеке кәсіпкерден 2850 қорап заңсыз темекі тәркіленді

СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Петропавл базарларының бірінде акцизсіз темекі өнімдерін заңсыз сату фактісін анықтады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

“Жеке кәсіпкердің бутигінен әр түрлі атаудағы 2850 қорап темекі тәркіленді. Кәсіпкерге қатысты жиналған әкімшілік материал темекі бұйымдарын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау қағидаларын бұзғаны үшін процестік шешім қабылдау үшін СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жіберілді”, – деп хабарлайды СҚО ПД баспасөз қызметі.

Полицейлер еске салады, мемлекет тарапынан тексеруден өтпеген өнім халықтың денсаулығына жоғары қауіп төндіруі мүмкін.

Shares