Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавлдағы азық-түлік дүкені өрттен аман қалды

Петропавлдағы азық-түлік дүкені өрттен аман қалды

\

Облыс орталығында, нақтырақ айтсақ, Мәскеу даңғылы 60, мекенжайы бойынша орналасқан азық-түлік дүкені бар екі қабатты ғимаратта өрт болды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

СҚО ТЖД хабарлағандай, ғимараттың бірінші қабатында – гараж, ал екінші қабатында тұрмыстық үй-жайлар орналасқан.

“Отпен екінші қабаттағы үй-жайлар мен бүкіл нысанның төбесі жойылды. Азық-түлік дүкені аман қалды. Өрттің жалпы ауданы – 90 ш. м. Өрт таңғы 6-да оқшауланып, 07:04-те жойылды. Өрттің себебі анықталуда. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ”, – деп хабарлады СҚО ТЖД.

Shares