Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Қайрат Омаров Шал ақын ауданының әкімі болып тағайындалды

Қайрат Омаров Шал ақын ауданының әкімі болып тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша, СҚО әкімінің өкімімен Қайрат Қайроллаұлы Омаров Шал ақын ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Ол осы тағайындауға дейін Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі болып жұмыс істеді.

Қайрат Қайроллаұлы 1979 жылы 15 наурызда Көкшетау облысы, Володар ауданы, Прекрасное ауылында дүниеге келген. Ол
“Фемида” Қарағанды заң академиясының Көкшетау филиалын, Көкшетау экономика және менеджмент институтын бітірген. Мамандықтары – экономика бакалавры, заңгер.

Еңбек жолын 1996 жылы Айыртау ауданының Прекрасное ауылында толық емес орта мектебінде мұғалім болып бастаған.
2004-2007 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық әділет басқармасының жетекші және бас маманы болып жұмыс істеді.
2007-2008 жылдары – Айыртау ауданы әділет басқармасының бас маманы.
2008-2012 жылдары – “ХҚКО” РМК филиалының Ғ.Мүсірепов атындағы аудан бойынша бөлім басшысы.
2012-2015 жылдары – Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппараты аудан әкімінің экономика және ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2015 жылдан бастап осы тағайындауға дейін Солтүстік Қазақстан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2018 жылдың 12 қарашасынан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі қызметіне тағайындалды.

Shares