Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Қанат Шарлапаев Бескөл ауылында бес қабатты үйдің құрылысымен танысты

Қанат Шарлапаев Бескөл ауылында бес қабатты үйдің құрылысымен танысты

Министр Қанат Шарлапаев Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылындағы бес қабатты тұрғын үйдің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың желтоқсан айына дейін аяқтау жоспарлануда. Құрылыстың бас мердігері – «Павлодар зауыты ТЕМІРМАШ» ЖШС. Жобаның негізгі дайындығы 60% құрайды.

Пәтер ауданы: 1 бөлме – 44 ш.м. – 17 пәтер, жалпы ауданы 748 ш.м. 2 бөлме – 56 ш.м. – 19 пәтер, жалпы ауданы 1064 ш.м. 3 бөлме – 66,3 ш.м. – 14 пәтер, жалпы ауданы 929 ш.м.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі құрылыс жұмыстарының тиімділігі мен сапасын атап өтті. Кезекте тұрғандардың барлығын пәтермен қамтамасыз ету үшін аудан әкімдігі екінші кезектегі тұрғын үй сатып алу тәжірибесін қолдануда. Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облысында 94 адам баспана кезегінде тұр, оның ішінде 14 көп балалы отбасы.

Shares