Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Қозыбаев университетінде кадр тапшылығы және кәсіптік бағдарлаудың маңыздылығы туралы айтылды

Қозыбаев университетінде кадр тапшылығы және кәсіптік бағдарлаудың маңыздылығы туралы айтылды

Болашақ мамандықты саналы түрде таңдау мәселесін педагогтар, ата-аналар және әлеуетті жұмыс берушілер Қозыбаев университеті қабырғасында өткен кездесуде талдады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Іс-шараны ЖОО білім басқармасымен және “Сенімен болашақ” ҚБ Солтүстік Қазақстан облысының ата-аналар бірлестігімен бірлесіп ұйымдастырды.

“Талапкерлерімізге кәсіптік бағдар беру жұмысын талқылаймыз, нақты міндеттерді пысықтаймыз. Бізге жұмыс берушілердің, ата-аналардың, түлектердің, студенттеріміздің пікірлері маңызды”, – деді Қозыбаев университеті қабылдау департаментінің директоры Гүлмира Оспанова.

Кездесуге келген жұмыс берушілер көптеген салада білімге, тәжірибеге ие. Олардың әрқайсысының кәсіптік бағдар беру жұмысын қалай құру керектігі туралы өз пікірі бар.

“Өндірістің көптеген саласы, соның ішінде өнеркәсіп, көлік, тар мамандарды қажет етеді. Мысалы, электротехниктер, метрологтар, кабельдік шаруашылық және аспап жасау қызметкерлері ауадай керек. Бұл мамандықтар қазір күллі Қазақстанда сұранысқа ие. Техникалық бағытты дамыту өте маңызды. Сондықтан, бүгінгі таңда қандай мамандықтар қажет екендігі туралы пікір алмасып, талқылау қажет”, – деді” РТЖ” ААҚ филиалының қызметкері Кирилл Филонов.

 

 

 

 

 

Shares