Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Қыркүйек айында СҚО жолдарын Көлік министрі Марат Қарабаев тексереді

Қыркүйек айында СҚО жолдарын Көлік министрі Марат Қарабаев тексереді

Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев өңірлерге шықты. Ол жұмыс сапары аясында орташа жөндеу жұмыстарын тексереді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Марат Қарабаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысында болды, одан кейін ведомство басшысы Атырау облысына барды.

Ендігі кезекте Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары тұр.

Іссапар аясында жоғарыда аталған өңірлердің халқымен кездесу және азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылады. Өзге де аймақтардың жол жағдайымен танысып, министрлікке қарасты нысандар тексеріледі. Атқарылуы тиіс жұмыстар негізге алынады.

Shares