Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Қызыл жалынмен есте қалар мереке

Қызыл жалынмен есте қалар мереке

СҚО бойынша ТЖД Жаңа жылды мерекелеу кезінде болған өрттер туралы айтылды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Облыс аумағында 2 өрт оқиғасы  және 4 жану жайты тіркелді. Абырой болғанда, оттан қаза тапқан және жарақат алған адам тіркелген жоқ.

1 қаңтарда Петропавлда, Новаторная к-сі, 1/67 мекенжайы бойынша орналасқан 5 қабатты тұрғын үйде, 3-қабаттың балконында 4 ш. м. аумақта өрт болды.

“Сондай-ақ 1 қаңтарда Булаево қаласында, Целинная көшесі, 18 мекенжайы бойынша орналасқан 2 қабатты 16 пәтерлі тұрғын үйде өрт болды. Өрт үйге жапсарласа салынған от жағатын бөлмеде бас көтерді, бірінші қабатта орналасқан пәтерге тез таралды, бұл екінші қабаттағы пәтерлердің тұрғындарын құтқару ісіне қиындық әкелді. Барлық операция бірнеше минутқа созылды, өрт сөндірушілер – Шунгульшин Нұрсұлтан мен Мыжиканов Ерлан 7 адамды – 4 әйел мен 3 баланы құтқарды. Сондай-ақ 6 адам эвакуацияланды”, – деді СҚО ТЖД.

Ведомство Жаңа жылды тойлау  кезінде пиротехникалық бұйымдарды дұрыс пайдаланбау, жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыру, газдағы тамақ, сондай-ақ балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру себебінен өрт қаупі бірнеше есеге артатынын еске салды. Біле жүрген маңызды, басты себепкер – алкогольдік ішімдіктерді асыра тұтыну.

 

Shares