Қызылжар аудандық партия филиалына жаңа атқарушы хатшы тағайындалды
Қызылжар аудандық «AMANAT» партиясы филиалының атқарушы хатшысы қызметіне Телтаев Нұрлан Зарапұлы тағайындалды. Жаңа атқарушы хатшыны аудан активі алдында «AMANAT» партиясы СҚОФ атқарушы хатшысы Жеңіс Асанов таныстырды, деп хабарлайды QZ News.
Нұрлан Телтаев – 1974 жылдың 9 маусымында дүниеге келген. Осы қызметке дейін ол Аққайың ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. «AMANAT» партиясы СҚОФ атқарушы хатшысы Жеңіс Асанов жаңа басшының алдына сайлау алдындағы бағдарламаны іске асыру, депутаттық фракцияның қызметін күшейту сынды бірқатар міндеттерді қойды.
Жеңіс Мұхтарұлы бұған дейін «AMANAT» партиясы Қызылжар аудандық филиалының төрағасы қызметін атқарған Гүлсім Кәрімоваға алғысын білдіріп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.