Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Қызылжар ауданы Бескөл ауылында жаңажылдық шырша отқа оранды

Қызылжар ауданы Бескөл ауылында жаңажылдық шырша отқа оранды

Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылында жаңажылдық шырша өртеніп кетті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Куәгерлер шырша отқа оранған сәтті видеоға түсіріп алған. Бейне бірден бұқараға тарады. СҚО ТЖД хабарлағандай, от сағат 18:40-та 4 ш. м. аумаққа шарпыған. Қызыл жалын көп ұзамай ауыздылған.

“Зардап шеккендер жоқ, алдын ала себеп – электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Оқиға орнына СҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 6 адамы және 2 бірлік техникасы барды”, – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Shares