Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Қызылжар ауданында 300-ден астам үй апатты деп таны

Қызылжар ауданында 300-ден астам үй апатты деп таны

Су тасқыны кезінде бірнеше ауыл зардап шеккен Қызылжар ауданында залалды өтеу жөніндегі комиссия әлі жұмыс істеп жатыр. Арнайы топ азаматтардан түскен 1400-ге жуық өтінішті қарады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“300-ден астам үй апатты деп танылды. Ауыл тұрғындарына тұрғын үй беріледі. Сонымен қатар, комиссия қалпына келтіруге болатын үйлерді жөндеу мәселелерін қарастыруда. 1099 үй бойынша құжаттар қаралды. Ауданда көшпелі комиссиялар да жұмыс істейді. Мүлікке келетін болсақ, 800-ге жуық өтінім қаралды. Содан кейін оларды өтемақы төлеумен айналысатын “Қызылжар Асар” қорына жібереміз”, – деді Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Қуандық Шақұбаев.

Су тасқыны кезінде Гүлмира Оразалинованың Тепличное ауылында аяқталмаған үйі зардап шекті. Азаматша бағалаушы маман барлық зақымдарды тіркемегенін айтады.

“Терезелер қатты зардап шекті. Сонымен қатар, ішкі екі қысқа қабырға құлады. Оларды бағалаушы қандай да бір себептермен құжаттарға жазбаған. Біздің мәселені комиссия мүшелері қарады. “Біз кемшілікті, себепті анықтаймыз” деп уәде берді”, – деді Қызылжар ауданы Тепличное ауылының тұрғыны Гүлмира Оразалинова.

Shares