Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Қызылжар ауданында 8 фельдшерлік-акушерлік пункт тұрғызылады

Қызылжар ауданында 8 фельдшерлік-акушерлік пункт тұрғызылады

Қызылжар ауданы әкімдігінің мәліметінше, Асаново, Белое, Пенково, Новокаменка, Пресновка, Налобино, Кондратовка және Большая Малышка ауылдарында фельдшерлік-акушерлік пункттер салынуда. Рощин ауылдық округінің әкімі Руслан Аитов екі елді мекенде тұрғызылып жатқан әлеуметтік маңызды нысан туралы айтып берді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“14 маусым күні Пенково ауылында жұмыс басталды, ал 21 маусымда Белое ауылында дайындық жұмыстары басталды. Мердігердің ФАП-тарды тұрғызуға 4 ай уақыты бар. 2 нысанда да “Пилон” құрылыс компаниясы” ЖШС жұмыс істейді. Құрылысты облыс қаржыландырады, құрылыс басқармасы тапсырыс беруші болып табылады”, – деді Қызылжар ауданы Рощин ауылдық округінің әкімі Руслан Аитов.

Белое ауылында 900-ден астам адам тұрады. Олар медициналық қызметтерді 1952 жылы салынған ғимаратта алып келеді. Нысан тозған және одан әрі пайдалану үшін нормативтік талаптарға сәйкес келмейді. Ал Пеньково ауылында ФАП жергілікті әкімдік ғимаратында орналасқан. Елді мекенде мыңнан астам адам тұрады.

“Есеп беру кездесулерінде адамдар жаңа денсаулық сақтау нысандарын сұрады. Осыдан мәселе маңызды екенін ұғыну керекпіз. Пенково ауылында дайындық жұмыстары жүргізілуде, 6 маман еңбек етуде, алдағы уақытта жұмысшылар саны 12 адамға дейін ұлғайтылады. Онда іргетас құю басталады. Ал Белое ауылы бойынша барлығы бастапқы кезеңде, мердігер жабдықты әкелді, объектінің паспорты қойылды. Жоспар бойынша ФАП-тың жаңа ғимараттарында стационар болады, талдаулар жиналады, қажетті қондырғылар қойылады, медициналық қызметтер ауқымы артады”, – деді Руслан Аитов.

 

Shares