Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Қызылжар ауданында арнайы комиссия зардап шеккендерден түскен 1400 өтінішті қарады

Қызылжар ауданында арнайы комиссия зардап шеккендерден түскен 1400 өтінішті қарады

Қызылжар ауданында су тасқынынан болған залалды бағалау жөніндегі комиссия жұмысы жалғасуда. Су бірнеше ауылдағы 1546 үйге кірді. Азаматтардан түскен 1400-ге жуық өтініш қаралды, деді Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Қуандық Шақұбаев.

“Кейде зардап шеккендер есептеулермен, үйдің техникалық жағдайымен келіспейді, сондықтан қайта қаралады. Менің ойымша, жақын арада біз барлық өтініштерді қарастырамыз, әркім залал үшін өтемақы алады. Адамдардың өзеннің жайылмасында орналасқан үйлерге қатысты сұрақтары бар, біз барамыз, қараймыз. Дефектологтар тексеруге үш рет немесе одан да көп барады. Әр мәселені жеке қарастырамыз”, – деді Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Қуандық Шақұбаев.

Олег Васильев Тепличное ауылындағы үш қабатты үйді қалпына келтірумен айналысуда. Ол Қызылжар ауданының әкімдігінде орналасқан комиссияға екі рет келіп отыр.

“Су деңгейі шамамен 3,5 метрді құрады, маған және басқа ауыл тұрғындарына үлкен зиян келді. Комиссия өтті, тексеру, техникалық бағалау жүргізілді. Бірінші комиссияда кемшіліктер болды, бүгін мен комиссияда болдым, барлық тілектерімді ескерді, нәтижелерге ризамын. Жөндеуге 9 млн теңге бөлінді, менің 2 қабатым да су астында қалды, бұл – 280 шаршы метр, жиһаздың бір бөлігі шығарылды, кейбірі үшінші қабатқа көшірілді. Мен барлық төлемдерді алдым”, – деді Қызылжар ауданы Тепличное ауылының тұрғыны Олег Васильев.

Ауыл тұрғыны су тасқынынан зардап шеккендерге қарастырылған барлық төлемдерді алғанын айтты.

Shares