Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Қызылжар ауданында бағалаушылар шамамен 1,5 мыңға жуық үйде болды

Қызылжар ауданында бағалаушылар шамамен 1,5 мыңға жуық үйде болды

Бүгінде зардап шеккен мүлікті бағалау жөніндегі сарапшылар Қызылжар ауданындағы Долматово және Тепличное ауылдарында жұмыс істеуде, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“19 мамырдағы жағдай бойынша мүліктік залалды өтеу бойынша 1478 үй тексерілді, Вагулино ауылының 4 меншік иесі бағалаудан бас тартты, өйткені олардың мүлкі алдын ала өзге жаққа жеткізілген”, – деді Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Қуандық Шақұбаев.

Қызылжар ауданындағы залалды бағалаумен “Ак Барс-Финанс компаниялар тобы” ЖШС мен “Шерстов А.В.” ЖК мамандары айналысуда.

Shares