Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Қызылжар ауданының жас зерттеушілері математика және механика бойынша беделді халықаралық байқауда жобаларын ұсынды

Қызылжар ауданының жас зерттеушілері математика және механика бойынша беделді халықаралық байқауда жобаларын ұсынды

11-13 наурыз аралығында Астанада Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша халықаралық зерттеу жобалары байқауы өтті. Солтүстік Қазақстан облысының жас зерттеушілері байқауда тамаша нәтиже көрсетті, деп хабарлайды QZ News «Қызылжар Дарыны» орталығына сілтеме жасап.

Қызылжар ауданының 11-сынып оқушылары халықаралық деңгейде өз жобаларын лайықты қорғады.

«Бескөл мектебі – колледжі” ЖШС-нің оқушысы Оксана Сиромская “Қаржылық сауаттылық – салымдар” тақырыбындағы ерекше жобасымен математика секциясында 3-орын алды. Ал “Боголюбов орта мектебінің” оқушысы Егор Таценко қолданбалы математика секциясына қатысып, сертификат иеленді. Бұл – жоғары дайындық деңгейі мен ғылыми жетістіктерге ұмтылысты айқындайтын үлкен жетістік», – деп атап өтті орталық өкілдері.

Shares