Роман Скляр мен Ғауез Нұрмұхамбетов әскери қызметшілермен кездесіп оларға жасалған жағдайды тексерді
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов басқа өңірлерден келген және су тасқынына қарсы шараларға тартылған әскери қызметшілермен кездесті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Әңгіме барысында Роман Скляр әскери қызметшілерге ерең еңбектері және табиғи апатқа қарсы күрестегі көмектері үшін алғысын білдірді.
Пунктті аралау барысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары мен СҚО әкімі демалуға және ұйықтауға арналған орынды, күніне үш рет тамақтану ұйымдастырылған асхананы тексерді. Сондай-ақ, олар қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген медициналық пунктке кірді. Мұнда медицина қызметкерлері күн сайын әскери мамандардың денсаулық жағдайын тексереді.
Айта кетейік, қазір СҚО-да Астана және Қарағанды әскери бөлімдерінің жиынтық отрядтарынан келген 600-ден астам әскери қызметші бар. Әскерилер тұрмыстық заттар мен гигиенаны қоса алғанда, барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілген. Өңірге келгеннен кейін оларға уақытша тұру үшін Петропавл қаласы мен Бескөл ауылында жайлы орындар берілді.