Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Сенаторлар Петропавлдың өнеркәсіптік кәсіпорындарында болды

Сенаторлар Петропавлдың өнеркәсіптік кәсіпорындарында болды

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Сүйіндік Алдашев бастаған бір топ депутаттар Петропавлға келді. Сапар мақсаты – Солтүстік Қазақстан облысының индустриялық және инвестициялық әлеуетімен танысу, деп хабарлайды QZ News тілшісі. Сенаторлар өңірде үш күн болады.

11 қарашада сенаторлар инновациялық жылыжай кешені мен қағаз өнімдерін шығаратын зауытта болды. Сондай-ақ депутаттар кәсіпорындарды, 2-ЖЭО-да болып, жол жөндеу жұмыстарының нәтижесімен танысуды жоспарлап отыр.

Жалпы облыста жалпы құны 755 миллиард теңгені құрайтын 46 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. 7 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Жүк тиеу жабдықтары, ауыл шаруашылығы машиналары, нан өнімдері, керамикалық кірпіш және басқа да өнімдер өндірісі жолға қойылады.

Shares