Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Сергеев су қоймасының ернеуінен асқан судың биіктігі – 210 см

Сергеев су қоймасының ернеуінен асқан судың биіктігі – 210 см

“Қазгидромет” РМК ақпараты бойынша 2024 жылдың 6 сәуірінде таңғы сағат 8-дегі жағдай бойынша Сергеев су қоймасының ернеуінен асқан судың биіктігі 210 см құрайды, деп хабарлайды QZ Media.

Су объектісінің жағдайы – мұздың тұруы. Су қоймасының көлемі 961 млн текше метр. Бір күнде Сергеев су торабындағы су деңгейі 170 см-ге өсті, су деңгейі 1010 см құрайды.

Су деңгейінің жоғарылауы Бабықбұрлық өзені – Гусаковка ауылы – 772 см, Аққанбұрлық өзені – Возвышенка ауылы – 757 см, Иманбұрлык өзені – Соколовка ауылы – 517 см, Есіл өзені – Токсан би ауылы – 1403 см байқалады. Крещенка ауылы маңындағы Есіл өзенін өлшеу мұзға байланысты мүмкін болмай отыр.

Сонымен қатар синоптиктер жылынуға байланысты Ғабит Мүсірепов, Шал ақын, Есіл және Айыртау аудандарында мұз қабығының болуы туралы хабарлайды. 6-8 сәуір аралығында аталған аудандарда Есіл өзені мен оның салаларында еріген су ағынының қарқынды қалыптасуы және мұз жамылғысының жойылуы күтілуде.

“Су деңгейінің қауіпті белгілерге дейін күрт өсуі күтілуде, Жайылма учаскелерге судың шығуы, мұздың өтуі және кептеліс құбылыстарымен жағдай күрделене түсуі мүмкін”, – деп толықтырды “Қазгидромет” РМК облыстық филиалы.

Shares