Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » «Севказэнерго» АҚ 2025 жылдың үздік энергетик-студенттерін анықтады

«Севказэнерго» АҚ 2025 жылдың үздік энергетик-студенттерін анықтады

«Севказэнерго» акционерлік қоғамында дәстүрлі студенттік олимпиаданың қорытындылары шығарылып, энергетика саласындағы ең дарынды жас мамандар анықталды. Зияткерлік сайысқа Солтүстік Қазақстан университеті мен Петропавл машина жасау және көлік колледжінің 11 студенті қатысты, деп хабарлайды QZ News.

Олимпиада екі кезеңнен тұрды:
4 маусымда өткен алғашқы турда студенттер тест түрінде теориялық сұрақтарға жауап беріп, есептер шығарды.
24 маусымда финалдық кезең өтті. Бұл кезеңде қатысушылар «Севказэнерго» АҚ өкілдерімен ауызша сұхбаттасудан өтті.

2025 жылдың жеңімпаздары:
– Алексей Скрипко (Солтүстік Қазақстан университеті, «Электр энергетикасы» мамандығы)
– Никита Семенчуков (Петропавл машина жасау және көлік колледжі, «Электрмен жабдықтау» мамандығы)

Олимпиадаға қатысу студенттер үшін болашақ жұмыс берушімен танысуға, Компанияның атаулы стипендиясын алуға және PROFENERGY бағдарламасының артықшылықтарын пайдалануға үлкен мүмкіндік береді.

Shares