Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Шал ақын ауданында шаруа хоккей кортын салды

Шал ақын ауданында шаруа хоккей кортын салды

Өңірде туған ауылын көркейтуге барын салатын шаруалар бар. Солардың бірі – «Агро Север» ЖШС басшысы Николай Луговой. Диқан Шал ақын ауданындағы Повозочное ауылында өз қаражатына хоккей кортын салып берді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ауданға жұмыс сапары барысында жас хоккейшілер мен ауылдықтарды жаңа спорт нысанының ашылуымен құттықтап, шаруашылық басшысына әлеуметтік жауапкершілік үшін алғыс білдірді.

Сонымен қатар, өңір басшысы Повозочное ауылында жеке қосалқы шаруашылықтың жұмысымен танысты. Ауыл тұрғыны Қайрат Байбусинов – «Ауыл аманаты бағдарламасының қатысушысы, қазір жылқы шаруашылығын дамытуда. Облысымызда 236 солтүстікқазақстандық осы жобаның арқасында жеңілдетілген несие алып, өз ісін дамытып жатыр.

Shares