Смирновода зардап шеккен жігіт шұғыл түрде Петропавлдағы жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді
Смирновода зардап шеккен 22 жастағы жігітті жедел жәрдем бригадасы Аққайың аудандық ауруханасына жеткізді. Ол шұғыл түрде реанимация бөлімшесіне жатқызылды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
СҚО Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қабылдау кезінде жігіттің жағдайы қатты күйік пен күйік шогына байланысты өте ауыр деп бағаланған. Науқас есін білмеген, гемодинамика тұрақсыз болған, тыныс алу жеткіліксіздігінің белгілері байқалған. Реанимациялық және шокқа қарсы іс-шаралар дереу басталыпты.
“Диагноз: екі қолдың жоғарғы бөлігін, арқаны, басты, бетті, екі жамбастың алдыңғы бетін 2-3 AB дәрежеде термиялық күйік шалған. Ауданы – 60%. Жоғарғы тыныс жолдары да күйген. Ол аудан 2 дәрежелі күйік шогы деп бағаланды. Хабар алғаннан кейін санитарлық авиация желісі арқылы Аққайың аудандық ауруханасына шұғыл түрде анестезиолог-реаниматолог және травматолог-камбустиолог дәрігер жіберілді. Осыдан кейін өмірлік функцияларды тұрақтандыру үшін пациент санитариялық авиация бригадасымен, реаниматолог дәрігердің сүйемелдеуімен “Көпсалалы қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының” мамандандырылған травматология бөлімшесіне жеткізілді”, – делінген хабарламада.