Солтүстік Қазақстан облысында 1,1 мың км жол жөнделмек
QZ News мәліметінше, биыл Солтүстік Қазақстан облысында жол инфрақұрылымын жақсарту аясында 1,1 мың км жол жөнделеді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл жұмыстар республикалық маңыздағы 467 км жолды, жергілікті жолдар мен көше-жол желісінің 700 км бөлігін қамтиды. Оның ішінде 35 елді мекенде 100 км ішкі ауылішілік жолдар жөнделеді.
Жалпы 102 жоба жүзеге асырылмақ, олардың 35-і — өтпелі жобалар. Негізгі жол учаскелерін жөндеу жоспарланып отыр, атап айтқанда:
▪️Покровка–Петропавл
▪️Қайранкөл–Благовещенка
▪️Дәуіт–Кішкенекөл
▪️Меңкесер–Раздольное
▪️Горьковское–Восходское
▪️Кішкенекөл–Қаратерек
▪️Смирново–Киялы
▪️Покровка–Ильинка
▪️Смирново–Токуши
▪️Повозочное–Баян
▪️Ялты–Шақпақ
Аталған жұмыстар жол сапасын айтарлықтай жақсартып, жүргізушілер мен жолаушылар үшін қауіпсіз әрі жайлы жағдай жасауға бағытталған.