Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Солтүстік Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендер партия мүшелерінен көмек сұрады

Солтүстік Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендер партия мүшелерінен көмек сұрады

«Құқықтық көмек» жобасы аясында облыс тұрғындары «АМАНАТ» партиясының облыстық филиалына тегін заңгерлік кеңес алуға жүгінді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Жауапты хатшы Жеңіс Асанов, депутаттар, қала әкімдігінің өкілдері, заңгерлер мен «Халықаралық медиация орталығы» РҚБ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің директоры Алтын Би Бесембаева азаматтардың сауалдарына жауап берді.

Өтініш бергендердің басым бөлігі биыл көктемде болған су тасқынының құрбандары. Азаматтарды тұрғын үй, материалдық көмек және т.б. мәселелер қызықтырды.

Жалпы облыс бойынша «Құқықтық көмек» жобасы аясында жыл басынан бері 2 мыңға жуық азамат тегін заң көмегін алған.

 

Shares