Солтүстікқазақстандық тұрғын сапасыз мұздатқышты сатып алғаны үшін сатушыдан 200 000 теңгеден астам қаражат өндіріп алды
Петропавл қаласының №2 сотының шешімімен тұтынушының құқығы қорғалды. Ол сапасыз тауар үшін ақшасын қайтара алмаған болатын, деп хабарлайды QZ News.
Тұтынушы сатып алған мұздатқыш ларьға өндіруші 1 жылдық кепілдік белгілеген, оның мерзімі 2024 жылдың 1 қазанында аяқталуы тиіс еді. Алайда кепілдік мерзімі ішінде, алты айдан кейін, мұздатқыш істен шығып, суытуды тоқтатты. Тұтынушы сатушыға шағымданды.
Авторизацияланған сервистік орталық диагностика жүргізіп, компрессорды ауыстыру арқылы жөндеу жұмыстарын жасады. Бірақ біраз уақыт өткен соң, мұздатқыш тағы да жұмысын тоқтатты. Алайда сатушы ақшаны қайтарудан бас тартты. Өйткені сервистік орталықтың қорытындысы бойынша тауардағы ақау фреон түтігінің механикалық зақымдануынан болған, ал бұл тұтынушының кінәсі деп танылды.
Соттың қорытындысы:
- Тұтынушының алғашқы шағымы кезінде анықталған ақау өндірістік сипатқа ие, өйткені компрессорды ауыстыру кепілдік бойынша жүргізілген.
- Фреон түтігінің зақымдалуы тұтынушының дұрыс пайдаланбауы немесе тасымалдауынан болғаны дәлелденген жоқ.
- Түтіктің жарықшағы оның материалдық ерекшеліктеріне байланысты пайда болған, ал бұл өндірушінің жауапкершілігіне жатады.
- Сатушы бұл тұжырымдарға қарсы нақты дәлелдер ұсынбады.
- Тұтынушы диагностикаға келісім бергенімен, жөндеу жұмыстарына рұқсат бермеген.
Сот сондай-ақ тұтынушыға тауарды ауыстыру немесе ақшасын қайтару құқығы түсіндірілмегенін анықтады. Тек диагностика жасау қажеттілігі айтылған. Сервистік орталық жөндеу жұмыстарын тұтынушыны алдын ала хабардар етпей-ақ жүргізген.
Сот шешімі:
- Сатып алу-сату шарты бұзылды.
- Сатушыдан 160 490 теңге материалдық залал сомасы өндірілді.
- 81 850 теңге айыппұл төлеу міндеттелді.
- 30 000 теңге моральдық шығын ретінде өтеу белгіленді.
Шешім заңды күшіне енді.