Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО әкімі «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаевпен кездесті

СҚО әкімі «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаевпен кездесті

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Серік Егізбаевпен кездесу өткізді.

Кездесуде өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту, ауылдық аумақтарды қолдау бойынша заңнамалық базаны жетілдіру және ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселелерді шешудің кешенді жолдарын қалыптастыру сынды негізгі мәселелер талқыланды.

Жұмыс сапары аясында «Ауыл» партиясы делегациясы облыс орталығы мен аудандардағы бірқатар өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік нысандарға баруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізіліп, оларды толғандырған мәселелерімен тереңірек танысу көзделуде.

Shares