Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО әкімі: “Биыл 38 миллион түп ағаш отырғызу жоспарлануда”

СҚО әкімі: “Биыл 38 миллион түп ағаш отырғызу жоспарлануда”

Аққайың ауданында СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың төрағалығымен орман шаруашылығын дамыту мәселелеріне арналған көшпелі кеңес өтті. Өңір басшысы өртке қарсы техниканы қарап, орман өрттерін сөндіруге арналған жаңа өрт сөндіруші машиналардың кілттерін табыс етті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Мемлекет басшысы ел бойынша 2 млрд ағаш отырғызу міндетін қойды. Біздің облыста 2026 жылға дейін 100 миллион көшет отырғызу қажет. 3 жылда 28 миллион дана егілді.

“Бұл жұмысты күшейту керек. Биыл 38 миллион ағаш отырғызу жоспарлануда”, -деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желіде.

Ағаш отырғызу материалдарымен қамтамасыз ету үшін Аққайың ауданында орман питомнигі ұйымдастырылып, жұмыс істеп тұрған питомниктерді кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Бұл жыл сайын 20 миллионға дейін көшет өсіруге және орман отырғызу жоспарын орындауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, ауданға сапар барысында СҚО әкімі агроқұрылым басшыларымен кездесіп, көктемгі дала жұмыстарының барысын тексеріп, өңдеуші кәсіпорындардың жұмысымен танысты.

Аймақ басшысы үлгілі шаруашылық – “Дайындық” серіктестігінде болды. Диқан Біржан Шаймерденов жұмысшылары мен Дайындық ауылының тұрғындарына барлық жағдайды жасап отыр. Ауылда облыс әкімі тыл еңбеккері Байни Шаймерденованы мерекемен құттықтап, деніне саулық және бар жақсылықты тіледі.

Shares