СҚО әкімі Лива елшісімен кездесті
Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен Литваның Қазақстандағы елшісі Эгидиюс Навикастың кездесуі өтті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Әлеуметтік желіде өңір жетекшісі Литва өңіріміздің маңызды сауда-экономикалық серіктесі екендігін жазды. Биылғы 9 айдағы өзара сауда айналымы 19 пайыз өсіп, 1,7 млнАҚШ долларын құрады.
Кезедсу барысында серіктестікті кеңейту литвалық инвесторларды тарту мәселелері талқыланды. Литваның біздің өңірде құрметті консулдығының ашылуы елдеріміз арасындағы іскерлік және достық байланыстарды одан әрі нығайтуға зор серпін бермек», деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында