Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО әкімі М.Жұмабаев ауданының жылыту маусымына дайындығын тексерді

СҚО әкімі М.Жұмабаев ауданының жылыту маусымына дайындығын тексерді

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Жұмабаев ауданына сапар барысында әлеуметтік нысандарға барып, «Нұрсен Агро» сүт фермасының кеңейтілуі, «Агример» ЖШС элеваторы және «Алтын астық 2050» сынды агрокәсіпорындарды аралады. Диқандармен кездесуде жаңа астықты өткізу және алдағы көктемгі дала жұмыстарына дайындық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Өңір басшысы ауданның жылыту маусымына дайындығын да тексерді. Қарақоғада ардагерлер және жастармен бірге «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызу рәсіміне қатысты. Облыс әкімі аудан тұрғындарымен кездесу өткізіп, ауданның мәселелерін талқылап, алдағы жоспарларды белгіледі.

Ауданда әлеуметтік нысандар салынып, инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асуда. 6 елді-мекенге асфальт төселсе, 3 ауылға кіреберіс жол салынды. 3 медпункт пен 2 ФАП-тың құрылысы жүріп жатыр. Кезекте тұрғандар үшін 45 пәтерлік үй салынды, жаңа супермаркет ашылды. Булаевода сумен жабдықтау нысандарын жөнделуде, бұл ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсарта түспек.

Shares